Биылғы 2025 жылы оның еншісінде 40 гол бар.
Криштиану Роналду дубль жасап, мансабындағы голдар санын 956 допқа жеткізді
187
оқылды

Сауд Арабиясы чемпионатының 11-туры аясында «Әл-Насыр» клубы «Әл-Ахдудты» 3:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду осы матчта дубль жасап, өзінің мансабындағы голдар санын 956-ға жеткізді. Биылғы 2025 жылы оның еншісінде 40 гол бар.

«Әл-Насыр» барлық турнирде жеңіс сериясын 8 матчқа жеткізді, ал чемпионатта барлық 10 ойында жеңіске жетті.

Команданың 2025 жылғы соңғы матчы 30 желтоқсанда «Әл-Иттифаққа» қарсы өтеді.