Жүрек трансплантациясы – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең күрделі медициналық оталардың бірі.
Энергетикалық сусын ішкен 34 жастағы науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды
Фото: gov.kz
116
оқылды

Энергетикалық сусын ішкен 34 жастағы науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды , – деп хабарлайды  Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Жүрек трансплантациясы – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең күрделі медициналық оталардың бірі. 

Алматы қалалық кардиология орталығында алғаш рет 34 жастағы науқастың жүрегін алмастыру операциясы жасалды. Ота 5 сағаттан астам уақытқа созылып, дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи медициналық технологияның арқасында сәтті өтті. 

Мамандардың айтуынша, сергектік сыйлаймын деп сатылатын энергетикалық сусындар уақыт өте келе жүрекке ауыртпалық түсіруі мүмкін. Салдары созылмалы жүрек ауруына әкеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.