Астанада күн райының күрт құбылуына байланысты бірқатар әуе рейстері кешігіп жатыр, – деп хабарлайды Aykin.kz.
"Кеше түннен бері тоқаусыз жауған мұзды жауын салдарынан, әуежай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тіптен тоқтатылды, – делінген ақпаратта.
Қолайсыз ауа райына байланысты авиация әкімшілігі жолаушыларға әуе компанияларының ресми ақпаратына сүйеніп, терминалдағы хабарландыруды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.