Өнер иесі блогер Қайсар Хамзаның әрекеті тым шектен шығып бара жатқанын айтқан.
"Ақыретіңді ойла...": Бағлан Әбдірайымов танымал блогерге ескерту жасады
Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы
123
оқылды

Әнші Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде блогердің әрекетін сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі блогер Қайсар Хамзаның әрекеті тым шектен шығып бара жатқанын айтқан.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе” деп айтқан еді Мұхтар Әуезов. Елім, жерім деп өткен ата-бабаның аруағы ұрып, осы баланы қара басып жүрмесін! Біз – қасымызда жүрген, бізге қарап бой түзейтін жастарға қалай дұрыс тәрбие берсек деп алаңдайтын ел азаматтарымыз. Қолымыздан келгенше жаман қылыққа жол бермейік деп жүреміз. Ал мына палуан шектен шығып, бетімен кетіп барады. Ақылға келіп, түзелгенің дұрыс. Тым кеш болып кетпесін. Ақыретіңді ойла. Ақырзаманның белгісіне айналып жүрме. Оқып отырған ата-анасы, ағайын-туысы, нағашылары болса, жөнге келтіріңіздер, өтініш!" - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.