Биыл 50-ден астам ерікті екі күн ішінде 100-ден аса тоқыма ойыншық дайындаған.
Астанада құрақ көрпе стиліндегі шырша қайта орнатылды
186
оқылды

Елордадағы Нұржол бульварында 4 жылдан кейін құрақ көрпе үлгісінде жасалған экологиялық шырша қайта тігілді. Биыл жоба тоқыма ойыншықтармен толықтырылды,  деп хабарлайды Aykin.kz

Жобаны "Шеберлік жолы" қоғамдық қоры жүзеге асырып келеді. Қор басшысы әрі бастаманың авторы Рахима Мұқышеваның айтуынша, жоба алғаш рет 2020 жылы қолға алынған.

– Құрақ көрпе стиліндегі шырша алғаш рет 2020 жылы жасалды. Ол кезде жобаға 200-ден астам адам қатысқан. Биыл тұрғындардың сұранысына байланысты бастаманы қайта жаңғырттық, – деді ол.

Биыл 50-ден астам ерікті екі күн ішінде 100-ден аса тоқыма ойыншық дайындаған. Оған әжелер, ата-аналар, жастар мен балалар бірлесе қатысқан. Ең жас қатысушы – 6 жаста, ал ең үлкені – 70 жаста.