Министр ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде 2025 жылы 1,1 мыңнан астам мамандықты қамтыған 132 кәсіптік стандарт әзірленіп, өзектендірілген.
Биыл елімізде 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан
www.istockphoto.com
267
оқылды

Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру барысында жұмыссыздық деңгейі  4,6%-ға дейін төмендеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы жылды қорытындылаған ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі  Светлана Жақыпованың құттықтауында айтылған. 

Оның айтуынша, мемлекеттің қолдауымен жыл басынан бері 820 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

– Ал жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын 9 239 азамат жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК мөлшерінде грант алды. Оқыту және кәсіптік бағдарлау түріндегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 478 мыңнан астам қазақстандық қамтылды, – деді ол.