Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан "Maмский әңгіме" подкастына қонақта болып, жеке өмірі жайлы әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сұхбат барысында ол күйеуі Жұмабек Жанықұловпен қалай танысқанын айтып, болашақтағы жоспарларына да тоқталды.
Тележүргізуші сәби сүюді қалайтынын айтып, ЭКО мәселесіне қатысты да пікірін білдірді.
«Мен балалы болып, бала туғым келеді. Сондықтан ЭКО-ны да жоспарлап жүрмін. Менің жасымда ғылымға сенген дұрыс секілді. Себебі ғылым бір орында тұрмайды. Эмбрионды жан-жақты зерттейді. Ешқашан бұл туралы ойламаппын. Дегенмен Құдайдың өз жоспары бар. Мен әлі жұмыртқа жасушаларымды қатырған жоқпын. Өзімдікі жақсы. Өзімде саны аз емес екен», – дейді Д. Сәтжан.