Қозғалыс ескі Қордай перевалы арқылы болады.
Ауа райы күрт бұзылып, Жамбыл облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
137
оқылды

ҚазАвтоЖол Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бүгін, 1 қаңтар сағат 19:20-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына (бұрқасын,қалың тұман,көрінудің шектеуі) республикалық маңызы бар «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы, жаңа Қордай перевалы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады», - делінген хабарламада.

Қозғалыс ескі Қордай перевалы арқылы болады. 

Жолды 2026 жылғы 2 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.