Аралас жекпе-жекте өнер көрсетіп жүрген ирландиялық жауынгер Иан Мачадо Гэрри UFC-ге және жартылай орта салмақтағы чемпион Ислам Махачевке қарата сөз айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өз сөзінде ресейлік файтерді жазға дейін күтпейтінін әрі өзінің қазір жақсы формада екенін айтып, қарсыласын жекпе-жекке шақырды.
Ал кейін Иан тағы да Исламға шүйлікті:
«Мен Ислам Махачевті жеңген кезде, бұл планетада ешкімнің сылтауы қалмайды. Мен оны жеңгенде, жер бетіндегі ең мықты спортшыны жеңемін. Сонда барлық сылтауыңыз аяқталады да, ештеңе қалмайды. Әрқашан бір себеп іздейсіздер: "Ол соған байланысты болды", "мына жағдай әсер етті" деп. Сондықтан салмақ дәрежесіне қарамастан №1 боламын, әлем чемпионы атанып, титулды агрессивті түрде қорғай бастаймын!»,-деді ол.