Өнер иесі өткен жылға есеп беріп, жазба жариялаған.
«Бес рет ауырдым...»: Роза Әлқожа денсаулығы туралы айтты
88
оқылды

Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желіде оқырмандарымен сырласты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өткен жылды қорытындылап, жазба жариялаған. Ол былтыр шығармашылығында біраз жақсы жаңалықтар болғанын атап өткен. Сонымен қатар денсаулығына байланысты мәселе болғанын жасырмады. 

«Армысыздар?! Жұмадағы тілектеріңіз қабыл болсын! Өткен жылды тек алғыс сезімімен аяқтадық, шүкір! Биыл да концерттерге ұсыныс түсіп жатыр. Алла денсаулық, мүмкіндік берсе бәрі де бола жатар. Былтыр бес рет ауырдым. Өкпенің қадірін дәл осылай түсінбеген шығармын?! Метапневмония, бронхит, ларингит болып жүргенде бір жағы вокал жақсы көмектесті деп ойлаймын. Әйтпесе күркілдеп жүріп бөпе шомылдырып, жаңа босанған анаға қарау оңай емес. Үйдің шаруасын жасап жүріп алда той жасайтынымыз, кеш беретінім үлкен мотивация болды», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.