Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға Ғабит Мүсірепов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған.
Күйеуін пышақтап өлтірген әйел тергеліп жатыр
378
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті 31 желтоқсан күні таңертең Петропавл қаласында болған кісі өліміне қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға Ғабит Мүсірепов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 43 жастағы әйел мен оның 51 жастағы азаматтық жұбайының арасында алкоголь ішкеннен кейін жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Әйел адамның айтуынша, жанжал кезінде күйеуі пышақты бірінші болып қолына алған. Бірақ ол пышақты жұлып алып, өз кезегінде соққы жасағанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты барлық жайт анықталып жатыр.

Полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу аясында барлық дәлелдер мен мән-жайлар егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.