ТЖМ ресми ақпарат таратты
Астана маңында екі бала жоғалып кетті
Видеодан скриншот
642
оқылды

Бүгін Астанада, Есіл ауданында Майбалық көлі маңында қыдырып жүріп адасып кеткен екі баланы іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ ресми мәліметінше, іздеуге құтқарушылар, кинологтар, дрон және вездеход жұмылдырылып, кең аумақ мұқият тексерілді.

Нәтижесінде 2012 жылы туған екі бала табылды. Олар ата-анасына тапсырылды, медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазылған хабарламада