Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ болып шықты.
«Ем қабылдап жатыр»: Дастан Сәтпаевқа қатысты шұғыл хабар тарады
243
оқылды

"Қайрат" футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ болып шықты.

"Қайрат" ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жүр. 

2 қаңтарда команда үш апталық демалыстан кейін базаға жиналып, бастапқы медициналық тексеруден өтті.

4 қаңтар күні таңертең ертемен "Қайрат" футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды. Олар 15 қаңтарға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиынның негізгі мақсаты – оңтайлы физикалық формаға келу мен ресми матчтарға дайындық.

Ал Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімі мынадай:

Қақпашылар: 

— Темірлан Анарбеков;

— Шерхан Қалмұрза;

— Данила Буч.

Қорғаушылар:

— Луиш Мата;

— Александр Мартынович;

— Егор Сорокин;

— Еркін Тапалов;

— Александр Мрынский;

— Александр Широбоков;

— Лев Кургин;

— Сұлтан Асқаров;

— Әмірбек Базарбаев.

Жартылай қорғаушылар:

— Дан Глейзер;

— Валерий Громыко;

— Дамир Қасабулат;

— Әділет Садыбеков;

— Яакко Оксанен;

— Юг Станоев;

— Мұхамедәли Әбіш;

— Исмаил Бекболат.

Шабуылшылар:

— Жоржиньо;

— Эдмилсон;

— Рикардиньо;

— Рамазан Бағдат;

— Мансур Биркурманов.