Қытай тарапы халықаралық қатынастарда бейбіт диалог пен өзара құрмет қағидаттарын ұстануға үндеп отыр.
Қытай билігі АҚШ-тың іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді
196
оқылды

Қытай астанасы Пекинде АҚШ-қа Венесуэла президенті Николас Мадуроның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, оны дереу босатуға шақыру жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қытай АҚШ-ты президент Николас Мадуро мен оның жұбайының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды дереу босатуға, Венесуэла үкіметін құлатуға бағытталған әрекеттерді тоқтатуға және туындаған келіспеушіліктерді диалог пен келіссөздер арқылы шешуге шақырады», – деп хабарлады Global Times басылымы Қытай СІМ-нің өкіліне сілтеме жасап.

 

Қытай тарапы халықаралық қатынастарда бейбіт диалог пен өзара құрмет қағидаттарын ұстануға үндеп отыр.