ҚҚС төлеушілер Арнаулы салық режимдеріне (АСР) көшу кезінде қандай мәселелер болуы мүмкін?
Арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде нені ескеру керек?
Фото: iStock
397
оқылды

МКД ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндірді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады?

Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу;
  2. қызметін тоқтату немесе тарату.

АСР-ге көшу кезінде:

Салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады.

ҚҚС бойынша есептен шығару күні:

Есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі.

Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін бұл күн — қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн.

Мысалы: Егер хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда берілсе, онда:

  • ҚҚС бойынша есептен шығару күні — 2026 жылғы 5 қаңтар;
  • ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2026 жылдың І тоқсаны үшін тапсырылады.

Тауар қалдықтары және ҚҚС:

  • Бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады;
  • Айналым тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда);
  • Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады;
  • ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күніне қолданылады (ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн).

Маңызды: салық салу күні мен ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде АСР қолдану басталған күн шешуші мәнге ие.

Өтпелі ережелер (2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін).

Алдыңғы АСР-лердің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) қолданылуы тоқтатылуына байланысты мынадай өтпелі нормалар көзделген:

  • 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады;
  • ҚҚС бойынша есептен шығару — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;
  • ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2025 жылдың IV тоқсаны үшін тапсырылады;
  • Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады.