Мәжіліс депутаттарының айтуынша, жұмыстың үшінші кезеңін аяқтау мәселесі тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылым үшін қалыпты жағдай. Яғни, ескі коммуникациялар қоса жаңартылғанда ғана жаңа желінің нәтижесі болады.
Мәжіліс депутаттары Алтай қаласындағы су құбыры желісін жаңарту барысын тексерді
257
оқылды

Алтай қаласында су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Жоба іске қосылғаннан кейін 9 420 абонент таза ауызсу желісіне қосылады. Жұмыс аяқталуға жақын, дегенмен желіні іске қосу үшін тозығы жеткен құбырларды ауыстыру қажет. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашиновтың жұмыс сапарында осы түйткілді мәселе қаралды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Су құбыры желісін қайта жаңғырту жобасы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайтын жоба арқылы 110,5 шақырым су құбыры желісін тарту көзделген. Қалада өткен ғасырдың 60-жылдары салынған, шойыннан жасалған ескі желінің жекелеген учаскелерін ауыстыру қажет, онсыз жаңартылған жүйені толық іске қосу мүмкін емес. Алтай ауданы әкімінің орынбасары Заңғар Шаухин бұл жұмысты орындау үшін шамамен 2 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінуі қажет екенін айтады.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, жұмыстың үшінші кезеңін аяқтау мәселесі тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылым үшін қалыпты жағдай. Яғни, ескі коммуникациялар қоса жаңартылғанда ғана жаңа желінің нәтижесі болады. Мұндай жобаларды бюджетті дұрыс жоспарлауға, сметаның ашықтығына және орындалатын жұмыстардың сапасына қатаң бақылау орнату аса маңызды.

«Бұл – азаматтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Мыңдаған отбасы таза ауызсумен қамтылады. Сондықтан бүгін көтерілген мәселе бойынша жұмыс жалғасады. Ең бастысы, бөлінген қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы және атқарылатын жұмыстардың жоғары сапасы. Бұл бағытта партиялық бақылау күшейтіледі», – деді депутат Ерлан Саиров.

Өңір басшылығымен кездесу барысында депутаттар руда базасының сарқылу проблемасын да көтерді. Бүгінде Шығыс Қазақстанның бірқатар ірі кен орындарының қоры пайдаланудың соңғы сатысында тұр, ал жергілікті Малеев кеніші 2026 жылы өндірісті аяқталу қаупі бар. Бұл қалалық байыту фабрикасының жабылуына, аралас салалардағы кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне және тағы басқаларына соқтыруы мүмкін.

– Егер біз тұрғындардың шекаралас қалалардан кетпегенін қаласақ, инфрақұрылымды экономикадан бөлек қарастыруға болмайды. Су, жол, коммуналдық желілер, жаңа жұмыс орындары және барлау – күн тәртібіндегі бір-бірімен байланысты мәселелер. Біз осы кен орындарында өндіру мерзімін ұзартуға және Риддер мен Алтай қалаларының маңында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қол жеткізуіміз керек,  деді депутат Ұлықбек Тұмашинов.

Кездесу барысында депутаттар 2025 жылы қабылданған жаңа Салық, Бюджет, Су, Құрылыс және Цифрлық кодекстер, банктер мен банк қызметі туралы заңдардың негізгі нормалары, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы және басқа да мәселелер бойынша енгізілген түзетулер туралы айтып берді. 

Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі кездесулері 5-13 қаңтар аралығында жалғасады. Жұмыс сапарлары барысында "AMANAT",  Ауыл, Ақ жол, ЖСДП, ҚПК және Respublica саяси партияларының парламенттік фракцияларының депутаттары сайлаушыларды қабылданған заңдар туралы хабардар етеді, олардың жергілікті жерлерде қолданылу барысын зерделейді және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларды тыңдайды.