Шымкентте +20°C болса, батыс пен шығыста жауын-шашын жауып, жел күшейеді.
Ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20°C-қа дейін жылынады
Фото: iStock
110
оқылды

Бүгінгі ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы мен шығысында жауын-шашын жауып, жел күшейеді деп күтілуде.
Астанада: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +3...+5°C.

Алматыда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +13...+15°C.

Шымкентте: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.