«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында халықтың көптен күткен денешынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Дариянда спорттық кешен ашылды
235
оқылды

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов, спорт саласының ардагерлері, ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Сыйымдылығы 150 орындық спорттық нысан барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған, әр бағыттағы спорт түрімен щұғылдануға бар мүмкіндік қарастырылған. 

– Ашылып жатқан спорттық кешен – ауыл халқының көптен күткен әлеуметтік маңызы бар нысандарының бірі. Саламатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақса­тында өңірімізде бірқатар спорттық нысан бой көтерді. Бұл Мемлекет басшысының алға қойған негізгі міндеттемелері – ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруды іске асырудағы маңызды қадам. Осы ғимараттан тәрбиеленіп шыққан көптеген ауыл спортшысы еліміздің туын биікке көтерер спорттық сайыстарда жеңімпаз атанады деп сенеміз! – деді облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов.

Айсұлу СЪЕЗХАН