Атырау облысында екі ай бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бүтін бір отбасыға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл жайт қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып, түрлі болжамдардың таралуына себеп болды.
Журналист Гүлмира Әбіқай бұл іске қатысты белгілі экстрасенс Камран Самедовтің болжамын тыңдап, көңілге қаяу түсіретін ақпарат алғанын мәлімдеді.
"Маңызды. Белгілі экстрасенс Камран жоғалып кеткен отбасыға қатысты жақсы нәрсе айтқан жоқ, қорқынышты. Лақ еткізіп оны баршаға мен де айта алмаймын", – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Атырау облысында полиция жоғалып кеткен бір отбасыны іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл отбасының мүшелері қараша айында ауылдан белгісіз бағытқа кеткен. Ал олардың ұлы бес-алты ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелді ауылынан бұрын полиция жариялаған іздеу тізімі бойынша жоғалып кеткен отбасы мүшелері:
Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы (1959 ж. т.)
Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы (1961 ж. т.)
Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы (1990 ж. т.)
Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы (1993 ж. т.)
Жоғарыдағылардан бөлек, кейбір ақпарат көздеріне сәйкес отбасыға қатысты іздеу тізіміне тағы екі адам – отағасының қызы және оның күйеуі енуі мүмкін екені жарияланған:
- Ақбаян (Қарабалин үйінің қызы).
- Ақбаянның күйеуі Сұлтан.
25 желтоқсанда олардың туысы полицияға ресми арыз жазып, ағасы мен оның отбасымен бір айдан астам уақыттан бері байланыса алмай жүргенін хабарлаған.
Экстрасенстің даулы болжамы
Әлеуметтік желілерде тараған хабарламада Камран Самедов бұл істің қылмыспен байланысты екенін, әрі жоғалған жігіттің (күйеубаланың) экстремистік топпен байланысы болуы мүмкін екенін айтқан. Хатта ол:
«Чесна гвару там криминал... Парен связан экстремистски група… Безопаснаст свой и семя сильна углублатса не хочу», – деп жазады.

Оның айтуынша, отбасы мүшелерінің бірімен «шиеленісті қатынас» болған, ал қалғандары «жәй ғана қаза тапқан» деген жорамалын білдірген. Аталған хабарламада экстрасенс бұл істің қылмыстық сипатта екенін, бірақ тереңірек пікір білдіруден бас тартатынын жазған.
Болжам шындыққа айналды ма?
Кейіннен қоғамда тараған бейресми ақпараттарға сәйкес, ерлі-зайыпты екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары да растады. Яғни көріпкелдің айтқаны шын болып шықты деуге толық негіз бар.
Қоғамның күткені – ресми мәлімет
Қазіргі таңда бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қоғам тарапынан тергеудің әділ және ашық жүргізілуіне үлкен сұраныс бар. Құқық қорғау органдары енді төрт бірдей адамды іздестіріп жатыр.