Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл — отбасының жасы үлкен мүшелері болуы ықтимал, олардың мәйіттері көмілген күйде табылғаны айтылуда.
Атырау облысында жоғалған отбасы: екі адамның мәйіті табылды
1,300
оқылды

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасы ісі бойынша екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабар тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, іздестіру жұмыстары кезінде марқұмдардың мәйіті сарай ішіне көмілген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл — отбасының жасы үлкен мүшелері болуы ықтимал, олардың мәйіттері көмілген күйде табылғаны айтылуда.

Еске салайық, Жангелдин ауылынан шыққан бір отбасының бірнеше мүшесі 2025 жылдың күзінен бері хабар-ошарсыз кеткен. Бұған дейін полиция іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Құзырлы органдар тарапынан ресми растау әзірге берілген жоқ. Қосымша ақпарат тиісті мекемелердің ресми мәлімдемесінен кейін ұсынылады.

Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.

Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз.

Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді.

Баян Жанұзақова