Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді.
Қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді: 7 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
235
оқылды

Қазгидромет 7 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 7 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 7 қаңтарда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларындағы екпіні - 15-20 м/с. Шымкент және Түркістан қалаларында 7 қаңтарда кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 7 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 7 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде 7 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 7 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады.  

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттардағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 7 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын жүріп, түнде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.