Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
"Пәтерде қамалып қалған": Астанада 3 жасар бала құтқарылды
www.istockphoto.com
352
оқылды

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен үш жасар бала құтқарылды. Ол пәтердің есігін ішінен жауып, жалғыз қалып қалған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше,  оқиға Сарыарқа ауданындағы Ұлытау көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған. Төртінші қабаттағы пәтердің есігі ашылмай қалған. Ал үй ішінде 2022 жылы туған бала жалғыз қалып кеткен.

"Оқиға орнына 1 шақырым қашықтықта орналасқан №24 МӨСБ құтқарушылары келіп, құтқару арқанын пайдаланып, үйдің шатырынан төртінші қабаттағы терезе арқылы пәтерге кірді. Бала әкесіне тапсырылды, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ",  делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.