Ол үшін Олимпиада чемпионымен бір рингте жұдырықтасу үлкен мәртебе
Еркебұлан Тоқтар кіммен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты
sportinside.kz
3,593
оқылды

Қазақстандық Поп-MMA өкілі Еркебұлан Тоқтар Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің өзіне қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионымен бокстың классикалық ережелері бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты.

«Иә, Даниярдың пікіріне келісемін. Бұл жекпе-жекте спорттық мағына жоқ, бірақ коммерциялық қызығушылық бар. Олимпиада чемпионымен бір рингте жұдырықтасу  – мен үшін үлкен мәртебе», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Оның айтуынша, Елеусіновтің көзқарасы түзу екенін білетінін айтты.

«Спорттық тұрғыдан маған да қызық емес. Ал коммерциялық жағынан жақсы ақша таба аламын. Бір-екі раунд шыдап бере аламын. Ол мені күліп жүріп ұрады. Таяқ жеймін. Бірақ ақша табамын», – дейді файтер.