Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман болады.
Қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді: 8 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
263
оқылды

Қазгидромет 8 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау""да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз 08, тәулік бойы 09 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүтсік- шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең кей уақытта тұман болады.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта тұман болады.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.