Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының туыстары көпшілікті жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, осындай қайғылы сәтте өз пайдасын ойлап жатқандар туралы ескертті.
Сонымен қатар қолдау білдіріп жатқан көпшілікке алғыс айтты.
"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангельдин ауылында болып жатқан жағдайды естіген шығарсыздар. Қайғыға ортақтасып, көңіл білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын. Мен марқұм Мақсот Қарабалин деген кісінің інісі боламын. Өкінішке қарай, бір келеңсіз жағдайларды естіп жатырмыз. Әлеуметтік желіде "көмек қолын созамын десеңіздер, осындай нөмірге ақша жіберсеңіздер болады" деген секілді ақпараттар тарап жатыр екен. Ол ақпараттың өтірік екенін айту мақсатында сіздерге осындай видео жолдап жатырмын. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Ауыл, ел болып, өзіміз жинақталып, бәрін реттеп жатырмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.