Иманғали Тасмағамбетов актердің естелік кітаптарын шығаруға көмектесетінін айтқан.
Иманғали Тасмағамбетов Асанәлі Әшімовтің үйіне барды
844
оқылды

Иманғали Тасмағамбетов Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің шаңырағына барып, көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Бұл туралы белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы желіде жазды. Иманғали Тасмағамбетов актердің естелік кітаптарын шығаруға көмектесетінін айтқан.

«Кеше Асанәлі ағаның қаралы шаңырағына Иманғали аға кеп дұға жасады. Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. «Орнында бар оңалар» деген сөз еріксіз ойыма оралды. Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды. Асыл ағаның шырағы сөнбесін!» - деп жазды Маралтай Райымбекұлы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.