Қазақ өнері ауыр қазаға душар болды
Белгілі әртіс Мұрат Бисембин өмірден озды
467
оқылды

Бүгін белгілі әртіс Мұрат Бисембин өмірден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қаралы хабарды оның қызы әлеуметтік желі арқылы жеткізген.

Мұрат Бисембин 1972 жылдың 11 қазанында дүниеге келген. Ол театр және кино саласында көптеген жыл еңбек етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Актердің шынайы ойыны, ұлттық болмысты жеткізудегі шеберлігі, рөлдерге терең үңілуі – оны қазақ сахнасы мен экранының жарқын тұлғаларының біріне айналдырды.

М. Бисембиннің қазасы өнерсүйер қауым мен әріптестері үшін үлкен қайғы болды. Әлеуметтік желіде танымал тұлғалар мен қарапайым көрермендер оның отбасына көңіл айтып, қайғыға ортақтасып жатыр.

Марқұмның жаназасы мен жерлеу рәсімі туралы толық ақпарат кейінірек хабарланатыны айтылды.