Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10 пайызға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.

Ең төменгі жеткілікті шек - салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде зейнетақы (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескеріп) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
Әдістемеге сәйкес, 2026 жылғы ТЖШ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді.