Ертең Алматыда актер Мұрат Бисенбинмен қоштасу рәсімі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы актердің қызы әлеуметтік желіде жазды.
Танымал актер Мұрат Бисенбинмен қоштасу және жерлеу рәсімі ертең, 9 қаңтарда Алматы қаласында өтеді.
Жаназа намазы 10:00-де Саяхаттағы Орталық мешітте оқылады.
Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Актер көпшілікке «Рэкетир» фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.