ҚазАвтоЖол Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 8 қаңтар сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 710-778 шақырым аралығындағы учаскесінде (Аққыстау а. — Зинеден а.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 9 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.