Мұндай сый күтпеген отбасы мүшелері қуаныштан көз жасына ерік берді.
Бетперде таққан жігіт тағы отбасына үй сыйлап, ем алуға қаражат берді (видео)
538
оқылды

Бетперде киіп, қайырымдылық жасап жүрген жігіт тағы бір мұқтаж отбасына қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның бұл жолғы кейіпкері – 49 жастағы Нағима. Ол екі ерекше бала тәрбиелеп отыр. Күйеуі ІІІ топ мүгедегі, естімейді, сөйлемейді. Бүгінде жалдамалы пәтерде тұрады. 

«Өзім де қант диабетімен ауырамын. Мына үйді жалдап тұрамыз. Ыдыс жуып, жалданып жұмыс істеймін, банкілерімді мешітке, жәрмеңкелерге шығарып сатамын. Өмірдегі ең қиын сәтім екі баланың судорогымен ауруханаға түскені. Сол кезде дастарқанға отырып, шай ішу арман болды. Қызым да біраз нәрсені бастан өткерді. Кеше ғана қызым Алладан дұға жасап, көмек сұрап еді», - дейді ол.

Бетперде таққан жігіт қиын сәтті бастан өткеріп жатқан отбасына пәтер сыйлады. Сонымен қатар кәсіп ашуға, ем алуға қажет қаражат ұсынды.

Мұндай сый күтпеген отбасы мүшелері қуаныштан көз жасына ерік берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.