Жетісай қаласында кәсіпкер күріш өңдейтін цех ашты.
Түркістан облысында күріш өңдеу цехы іске қосылды
Фото: gov.kz
214
оқылды

Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Цехтың тәуліктік қуаттылығы — 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында сатылуда.

Кәсіпкер Ақбаян Алтауова мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы, 8 жоба жүзеге асырылды, алдағы жылдарға тағы 6 жобаны қолға алу межеленіп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.