Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады.
Қарағандыда 19 жастағы жігіт интернетте қызбен танысамын деп ақшасынан айырылды
6,006
оқылды

Қарағандыда танысу сайтында қызбен кездескісі келген 19 жастағы жігіт күтпеген жағдайға тап болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, жас жігіт интернеттегі танысу платформасында қызбен сөйлесіп, онымен кездесуге келіседі. Бірақ кездесуге барған кезінде алаяқтардың құрбанына айналып, ақшасынан айырылған.

"Жедел әрекет еткен полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Олар 20 және 22 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты", – деді Қарағанды облысы ПД-нің өкілі.

Құқық қорғау органдары азаматтарды интернеттегі таныстық кезінде сақ болуға шақырды.

 

"Онлайн танысу барысында бейтаныс адамдарға сенбеңіздер. Кездесулер кезінде аса мұқият болыңыздар", – деп ескертті Ішкі істер министрлігінің өкілдері.