Жаңа қызметі туралы мәлімет шенеуніктің Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды.
Ғабидолла Әбдірахымов қайта оралды: атышулы экс-әкім жаңа қызметке тағайындалды
503
оқылды

Атышулы шенеунік, бұрынғы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  Samruk-Kazyna Construction  АҚ басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ресми сайтта бұл ақпарат әзірге жарияланбағанымен, компанияның баспасөз қызметі Ғ.Әбдірахымовтің жаңа лауазымға 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскенін растады. Бұл – оның соңғы бірнеше жылдағы алғаш  рет жұртшылық алдына шығуы.

Жаңа қызметі туралы мәлімет шенеуніктің Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде белгілі болды.