Ведомство өкілдері автобусқа мінген сәттен бастап жолақыны төлеуді және электрондық билетті сақтауды ұмытпау керегін ескертеді.
Биылдан бастап автобуста билетке ақша төлемейтіндерге салынатын айыппұл өседі
8,426
оқылды

2026 жылы жолақысыз жүру үшін салынатын айыппұл мөлшері өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты

Соңғы уақытта қоғамда 2026 жылы бағаның өсуі жиі талқыланып жатыр. Жаңа жылдан бастап бір АЕК мөлшері 3932 теңгеден 4325 теңгеге дейін көтеріледі.

Осыған байланысты билетті көрсетпей жүрген жолаушыларға салынатын айыппұл да артады. Енді айыппұл көлемі 2 АЕК, яғни 8650 теңге болады.

Ведомство өкілдері автобусқа мінген сәттен бастап жолақыны төлеуді және электрондық билетті сақтауды ұмытпау керегін ескертеді.