Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 қаңтар күні сағат 20:11-де Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылындағы тұрғын үйден өрт шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Жалын шарпыған аумақ шамамен 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері үй ішінен екі адамның мәйітін тауып, сыртқа алып шыққан.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықтау мақсатында өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.