Елімізде Nestlé компаниясының балалар тағамдары дүкен сөрелерінен алынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Әлемнің 180 мемлекетіне өнімін саудалайтын компания қазір әлем бойынша 40-қа жуық елде бірқатар партияны кері қайтарып жатыр. Бұған себеп – бір мезетте өндірілген өнімдерде адам ағзасына қауіпті цереулид токсині болуы мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл токсинді бөлетін Bacillus cereus бактериясы қайнату немесе қайта қыздыру кезінде жойылмайды.
Жайсыз ақпаратты Nestlé компаниясы өзі ресми түрде жариялады. Компания бұл қадамды алдын алу шарасы деп түсіндіріп, ата-аналарға ресми сайт арқылы өнім нөмірін тексеруге кеңес беріп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.