Жақында өмірден актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесіне арнап жан тебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің қазасына байланысты көңіл айтып жатқан жандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар әкесінің орны ойсырап қалғанын жеткізді.
«Достар, қолдау білдіріп жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңізге рақмет. Өкінішке қарай, барлығыңызға жеке-жеке жауап беруге шамам жетпей жатыр. Бірақ бір нәрсені біліңіздер: сіздердің сөздеріңіз жанымды жылытып жатыр. Қоштасуға келген баршаға рахмет. Барлығы тым тез болды. Біз мұндайды күтпедік те, болжай алмадық та. Біздің өміріміз енді ешқашан бұрынғыдай болмайды. Өміріміздегі ең қымбат жаннан айырылдық. Біз әкемізден, сүйікті жардан, отбасының тірегінен айырылдық. Мен бұл қайғыдан ешқашан айыға алмаспын, бірақ сонымен өмір сүруді үйренуге тырысамын. Өздеріңізді күтіңіздер…», - деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.