Ол өзін қылмыскер санамайтынын айтты.
«Кімнің ала жібін аттап кеттім?»: іздеуде жүрген блогер жазба жариялады
Фото: instagram.com/qais_arr
169
оқылды

Блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде өзіне іздеу жарияланғанына пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол өзін қылмыскер санамайтынын айтты.

«Кімнің ала жібін аттап кеттім? Ел болып, дүйім жұрт болып, барлық жұмысты ысырып қойып іздейтіндей қылмыскер емес сияқты едім», - дейді ол видеода.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі блогерге іздеу жариялады. ҚМА-ның мәліметінше, блогерге қаңтар айының 10-ы күні іздестіру жұмыстары басталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.