Сот кабинеті порталындағы мәліметке сәйкес, іс материалдары 2026 жылғы 13 қаңтарда тіркелген. Апелляциялық шағымды қарау мерзімі әзірге белгіленбеген.
«Шерзат ісінде» аты шыққан Хасан Қасымбаевқа қатысты тың дерек айтылды
231
оқылды

Адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ақша бопсалау ісі бойынша сотталған Хасан Қасымбаев пен өзге де сотталғандардың апелляциялық шағымы Алматы облыстық сотына келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот кабинеті порталындағы мәліметке сәйкес, іс материалдары 2026 жылғы 13 қаңтарда тіркелген. Апелляциялық шағымды қарау мерзімі әзірге белгіленбеген.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 11 қарашада Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевты жоғарыда аталған қылмыстар бойынша кінәлі деп тауып, тиісті үкім шығарған болатын.