Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрланған малдың 474 басы иелеріне қайтарылды.
Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 19 қылмыстық топ әшкереленді
285
оқылды

Былтыр Түркістан облысында 615 бас мал ұрланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Полицейлердің жедел-іздестіру  шараларының нәтижесінде ұрланған малдың 474 басы иелеріне қайтарылды.

Аталған қылмыстар бойынша 19 қылмыстық топ ұсталып, 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 47 адамның мал ұрлығына тікелей қатысы бары анықталған.

Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, ауыл тұрғындарының мүлкін қорғау мақсатында профилактикалық шараларды күшейтіп жатыр.