Алғашқы өрт сөндіру жасағы келгеннен кейін жертөледен қалың түтін шығып жатқаны анықталды.
Жезқазғанда театр өртенді
Фото: видеодан скрин
97
оқылды

Ұлытау облысы ТЖД 112 қызмет пультіне Жезқазған қаласы Сәтпаев көшесі бойындағы театр ғимаратының жертөлесінде өрт туралы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы өрт сөндіру жасақтары келгеннен кейін жертөледен қалың түтін шығып жатқаны анықталды. Тез арада газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары өртті барлауға және сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттан 12 адам өздігінен көшеге шықты. 

Өрт сөндірушілердің үйлесімді, кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында сахналық материалдың жануы қысқа мерзімде сөндірілді. 

Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ өрттің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Театр директоры өрт сөндірушілерге кәсібилігі, жеделдігі және үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.