Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ойындарында дзюдо бойынша жекелей жарыстар аяқталды.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 7 жүлде жеңіп алды. Осы нәтиженің арқасында қазақстандық дзюдошылар командалық есепте үздік бестіктің қатарына енді. Құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар.
Жүлдегерлер:
- Аруна Жангелдина (–78 кг) — алтын медаль
- Шерзод Давлатов (–60 кг) — күміс медаль
- Ержан Еренғайыпов (–66 кг) — күміс медаль
- Мәди Амангелді (–81 кг) — күміс медаль
- Самалай Ерғалиева (–63 кг) — қола медаль
- Назгүл Маратова (+78 кг) — қола медаль
- Айдар Арапов (–90 кг) — қола медаль
Айта кетейік, дзюдо бойынша жекелей жарыстар екі күнге созылып, оған 33 елден 171 спортшы қатысты.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.