Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Елімізде ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді
Фото: iStock
104
оқылды

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8-17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары болжанады. Елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.