Атырау облысында қоғамның қызу талқысына түскен қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы алғаш рет пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Qazaq Airan» тілшісі Айдана Мейрамбайқызымен сұхбат барысында отбасы мүшелеріне қатысты кейбір мәліметтерді нақтылауға тырысты.
Журналист Сұлтанның әпкесінің Сирияға барғаны жөніндегі ақпараттың растығын сұрады:
– Аға, сіздің қызыңыз, яғни Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген дейді. Не себеппен барды? – деп сұрақ қойды тілші.
Самиғолла Сәрсемәліұлы бұл жағдайды күйеу баласының әрекетімен байланыстырып түсіндірді:
– Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Бала-шағасымен бірге алып кеткен. Қыдырамыз деген... Түркия арқылы кеткен сияқты. Арғы жақта құжаттарын жоқ қылып жіберген. Күйеу баламыз сол жақта қайтыс болған дейді. Қазір ол туралы әңгіме қозғамаймыз, – деп жауап берді ол.
Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ресми органдардан толық мәлімет әлі де күтіліп жатыр.