Көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылған.
Шымкенттегі қайғылы оқиға: тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
305
оқылды

Шымкент қаласында қайғылы оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылған.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған дерек бойынша полицияға хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына тиісті қызметтер барған.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Құзырлы органдар оқиғаға қатысты толық ақпаратты тергеу нәтижесіне қарай ұсынатын болады.