Алматы облысындағы 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында 13 қаңтар күні оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қауіпсіздік шараларын бұзып, өз аяғына оқ атып алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Ұлттық ұлан ресми түрде хабарлады.
Сарбаз АК-74 автоматынан сол аяғына жанай тиген оқ жарақатын алған. Оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.