Шымкентте пышақ жарақатынан мерт болған болған қыздың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғыс білдірді. Сонымен қатар қылмыскерге қатаң жаза беруді сұрады.
“Есімім Сұлтан, 11 қаңтарда пышақтап өлтіру жайлы оқиғадағы қыздың туған ағасы боламын. Шынымызды айтсақ, қан жылап отырмыз. Біз әр жаңалықты оқып отырамыз, қолдау көрсетіп жатқан жандарға рақметімізді айтамыз. Қазір біздің қолдан тек сол адамға максималды жаза беру ғана қолымыздан келеді. Қысқаша айтқанда, менің қарындасым ең ақылды, сабырлы, тұйық, жуас қыз болғандықтан, барынша басынған. “Жоқ” деген сөзді түсінбеген. Сталкер болған... “Сот процесі” әділ өтеді деген сенім бар”, - деп жазды ол Treads-те.
Айта кетейік, 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.
11 қаңтар күні Нұрай Серікбай танысының қолынан қаза тапқан еді. Ол оған дейін полиция қызметкерлеріне арыз жазып, көмек сұрағанмен, іс қадағалаусыз қалып, кісі өліміне алып келді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.