Былтыр Атырау облысында партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында бекітілген 79 тармақтың 72-сі орындалған. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында баян­далды.
Атыраудағы игі бастамалар
91
оқылды

Алқалы жиынға «AMANAT» партия­сының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, пар­тия ардагерлері, облыстық жә­не қа­лалық мәслихат депутаттары, пар­тия ак­­тиві мен конференция деле­гат­тары қа­тысты.

Басқосу барысында партияның об­лыс­­тық филиалының жаңа төрағасы лауа­зымына ашық дауыс беру арқылы Бейбіт Мырзағалиев сайланды.

Партияның Атқарушы хатшысы Дәу­лет Кәрібек алдағы мақсат-міндет­тер­ге кеңі­нен тоқ­талды.

«Мемлекет басшысы «Turkistan» газе­ті­не берген сұхбатында ел дамуының жаңа ке­зеңіндегі басты басымдықтарды айқындап берді. Президент әділетті мем­ле­кет құру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын нақты іспен арттыру қажет­тігі­не, аймақтардың тең әрі орнықты да­муы мен жергілікті өзін-өзі басқаруды кү­шейту мәселесіне ерекше мән берді. Бұл – барша өңірге, соның ішінде осы Аты­рау сияқты стратегиялық маңызы бар аймаққа тікелей қатысты міндеттер. Мем­лекет басшысы атап өткендей, кез кел­ген реформа қағаз жүзінде емес, өңір­лерде, ел ішінде, нақты адамдардың өмі­­рі­нен көрінуге тиіс. Бүгінгі біздің жұ­мы­сымыз да осы жауапкершілікті те­рең се­зіну­ден басталуы керек», – деді Дәулет Кәрібек.

Оның айтуынша, «AMANAT» пар­тия­сы – мемлекеттің дамуы мен елдің тұ­рақ­тылығын, береке-бірлігін бәрінен биік қояды. Басты міндет – халықтың се­німін ақтап, қоғамды ортақ мақсатқа бі­ріктіре отырып, елдің жарқын болаша­ғы үшін жұмыла еңбек ету.

Сондай-ақ, Дәулет Кәрібек былтыр Атырау облысында жүйелі жұмыс жүр­гізі­ліп, партияның өңірлік сайлауалды бағ­дарламасында бекітілген 79 тар­мақ­тың 72-сі орындалғанын мәлімдеді. Бұ­ған қоса, сайлау кезінде Атырау об­лы­сын­да 2017 өтініш қабылданып, оның 96%-ы яғни 1945-і нақты шешімін тапты.

«AMANAT» партиясының жобалары да өңірде өз нәтижесін беруде. Мәселен, был­тыр «Ауыл аманаты» партиялық жо­ба­сы бойынша қайтарылатын шағын не­сие қаражаты есебінен 220 млн теңге қар­жы бөлінді. Ал «Жер аманаты» жоба­сы аясында ел аумағында 14 млн гектар­дан астам жер мемлекет меншігіне қай­та­­­рылды. Оның 6 млн гектары заңды түр­де халық игілігіне беріліп жатыр. «Қа­­­­рызсыз қоғам» партиялық жобасы шең­берінде республикалық колл-орта­лық іске қосылды. Сондай-ақ осы жоба ая­сында азаматтарға нақты көмек көр­сету мақсатында партия алаңында 12  банктің ресурсы бір арнаға тоғысты.   

Жиын барысында бастауыш партия ұйым­дарының жұмысын күшейту, олар­дың рөлін арттыру мәселесіне де баса мән берілді. Жалпы, ел аумағындағы 3800-ге жуық бастауыш партия ұйы­мы­ның 106-сы Атырау облысында жүйелі жұ­мыс істеп келеді.

Сайлаушылармен кері байланыс ор­нату мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, партияның Атырау об­лыстық филиалының қоғамдық қа­был­дау орталығына бір жылда тұрғындар тарапынан келіп түскен 2800-ден астам өтініштің 53,3%-ы, яғни, 1535-і оң шеші­мін тапты. Қалған 46,7%-ы бойынша тү­сі­ніктеме берілді.

Жиын соңында партияның облыстық филиалының алдағы жұмыс жоспары мен мақсат-міндеттері жан-жақты тал­қы­л­анды.

Елнар ЕЛТАЙ