Үкім 15 қаңтарда шығады.
Жетісайда әкесін ұрып өлтірген адам 6 жылға сотталуы мүмкін (видео)
Фото: видеодан скрин
103
оқылды

Түркістан облысы Шардара ауданында болған қылмыстық іс сотта қаралып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

41 жастағы Алмас Садақбаев өз әкесін ұрып-соғу және азаптау ісі бойынша күдікке ілінді. Otyrar телеарнасы мәліметінше, оқиға өткен жылдың тамыз айында Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында болған.

Прокурор соттан Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Үкім 15 қаңтарда шығады.

Ер адамның қарт әкесін ұрып жатқан видеосы әлеуметтік желіге таралып, қоғамды дүр сілкіндірген еді

Оқиғадан кейін эксгумация жасалып, сараптама нәтижесі бойынша зорлық-зомбылық белгілері бар екені расталды.

Алмас Садақбаев өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.